Су асты әлеміне саяхат

   Саяхаттың түрі көп. Адам өзін қоршаған әлемді жақынырақ білгісі келеді. Ол үшін ежелгі мәдени орындарды іздеп, қалаларға қазба жұмыстарын жүргізіп, өткенге оралады. Адам болашақты болжау үшін ғарышқа аттанады. Тылсым дүниемен танысу үшін теңіз астына түсіп, жер асты әлемін зерттейді. Кәне, біз де су асты әлеміне саяхат жасап көрейікші!

  Теңіз астында түсі мен пішіндері алуан түрлі балықтар тіршілік етеді. Мына теңізді мекендеушілерді ата .

  Актинии – алып гүлге ұқсас теңіз организмі.                                                                                                      Жұлдыздар тек аспанда болмайды. Теңіз астында да теңіз жұлдыздарын кездестіруге болады.    Олардың әдемілігі аспан шырақтарынан кем емес. 

  Тағы қандай теңізді мекендеушілерді атай аласың?

    Композиция. Бейненің өлшеммен байланысы

1. Қағаз парағының өлшемі дегеніміз не?

2. Ол қандай болады?

    Сен қағаз өлшемі композицияның әсерлі болуына ықпал ететінін білесің. Кәне, оған тағы бір рет көз жеткізіп көрейікші.

   Кішкентай балықтар кіші өлшемді қағаз парағына сыяды. Үлкен өлшемді қағаз парағын таңдайтын болсаң, суретт  де үлкенірек етіп салуға тура келеді.

   Үлкен китке үлкен қағаз парағы қажет. Егер сенің қағазың кішкентай болса, онда китті де кішірейтіп салу керек. Әйтпесе ол кіші өлшемді қағаз парағына сыймайды.

   Бір бейнелі және көп бейнелі композициялар

    Егер суретте бір ғана бейне кескінделсе, мұндай композиция бір бейнелі композиция деп аталады. Егер суретте бірнеше бейне кескінделсе, ол көп бейнелі композиция деп аталады.                Көп бейнелі композиция үшін әдетте өлшемі үлкен қағаз парағын таңдайды. Қарашы, балықтар үлкен парақта өздерін еркін сезінеді. Егер сенің үлкен қағазың болмаса, онда бірнеше балықты кіші өлшемді қағазға сыйғыза аласың. Алайда балықтарды да кішкентай етіп салуың қажет.

   Суретшілер тарихи шайқастарды немесе адамдар тобын бейнелегенде әрдайым үлкен өлшемді кенепті таңдайды. Бейнелеу өнері мұражайына барғанда назар   аудар . Ал кейбір суретшілер кіші өлшемді сурет – миниатюраларды салғанды ұнатады. Ежелгі қолжазбалар миниатюраларм ен әшекейленген.

 № 2 жұмыс дәптерінің 26–27-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

×
×

Корзина