Теңіз астын мекендеушілердің суретін саламыз

      Су асты әлемін мекендеушілердің басым бөлігі – балы қтар . Оларды салу қиын емес. Балықтың басы сопақшалау келіп, денесіне жалғасады. Денесін, құйрығы мен жүзбеқанатын өзгерте отырып, әртүрлі балықтарды бейнелеуге болады.

     Қарашы , мына  балықтардың денесі бірдей. Алайда жүзбеқанаттары , құйрығы мен бояулары арқылы әртүрлі көрінеді.

     Теңіз астында балдырлар өседі. Олар да алуан түрлі. Сурет салу барысында сызықтардың ерекшелігіне назар аудар .

    Медуза саңырауқұлаққа ұқсайды. Тек бір жуан аяғының орнына оның имек қармауыштары бар . Медузаның «қалпағы» да әртүрлі пішінді болады.

     Теңіз жұлдызын салу да қиын емес. Өзің де жұлдыздарды көп салған боларсың?! Алайда теңіз жұлдызының сызықтары тік емес, керісінше жұмсақ әрі майысқақ.

    Композиция. Бейненің пішіммен байланысы

  Пішім дегеніміз не?

  Ол қандай болады?

   Қағаз парағы сенің суретің тұратын үй екенін білесің. Оған ол үйде ыңғайлы не ыңғайсыз болуы мүмкін. Көбелекке шаршы пішінді қағаз парағы, қолтырауынға көлденең, керікке тік пішімді қағаз парағы сәйкес келеді. Бір бейнені әртүрлі пішімге орналастыруға да болады. Алайда композиция пішімді дұрыс таңдағанда ғана ойдағыдай шығады.

  1. Үш композицияның қайсысы сәтті шыққан деп ойлайсың?

  2. Пішім композицияның әсерлілігіне қалай әсер етеді?

     Үшбұрыш тәрізді балықты шаршы пішімге орналастырған дұрыс. Сопақша балықты көлденең пішімге орналастырған ыңғайлы .

  Композицияларды салыстыр . Оларды пішімдерге сәйкестігі жағынан сипатта .

    Есіңе сақта , сурет салмастан бұрын оның композициясы туралы ойлану керек. Қандай пішім ыңғайлы болатынын және оған суретті қалай орналастыру керек екенін шешу қажет. Сенің суретіңнің әсерлілігі осыған байланысты .

 № 2 жұмыс дәптерінің 28–30-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

    Мына жұмыстарды сенің құрдастарың жасаған

    Қарашы, балалар әртүрлі материалдармен жұмыс істеген.

     Балықтарды түрлі түсті фломастерлермен бейнелей аласың. Ермексаз немесе полимерлі сазбалшықты да пайдалануға болады. Монотипия тәсілімен орындалған теңіз жаратылыстары да ерекше көрінеді. Матрицамен басып та қызықты жұмыстар орындауға болады. Ескі түрлі түсті журналдар мен жай түсті қағазды пайдаланып, аппликация жасауға болады.

×
×

Корзина