Теңіз мекендеушілерін тек бейнелеп қоймай, мүсіндеуге де болады. Алайда ермексаз жарамайды, өйткені ол ұзақ сақталмайды. Ал полимерлі сазбал шықтан жасалған ойыншықтар айшықты көрінеді әрі біразға дейін сақталады.
Ойыншық жасау үшін саған полимерлі сазбалшық, қармақ бауы немесе жіңішке әрі мықты жіп, жіңішке тақтайша не диаметрі 15–20 см шеңбер, таңба жасайтын құралдар керек.
ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ
1. Қалыңдығы 1 см болатын бейнелер мүсінде. Ашық түсті сазбал шықты пайдалан. Әрбір бейнеде 2–3 түс болсын.
2. Бейнелердің бетін әртүрлі етіп бедерле.
Бедерлі таңбалар жаса. Қақпақ, малтатас, шырша бүрімен ермексаз немесе сазбал шықтан сомдаған мүсініңнің үстінен батырып бас. Заттардың таңбасы түсті ме? Қорытынды жаса.
3. Жасаған бейнелерді кептір. Кепкен соң, үлкендерден біз не жуан инемен кішкене тесіктер жасап беруін
сұра .
4. Қармақ бауын тесіктен өткіз. Мүсіндерді ұзындығы әртүрлі бауларға ілген дұрыс. Сонда әдемі көрінеді.
5. Бейнелерді пластмасса не сымнан жасалған жіңішке шеңберге іліп қой.
Мұндай ойыншықпен үйіңді сәндей аласың. Егер үйіңде кішкентай сәби болса, оның төсегіне іліп қоюыңа болады. Досыңның туған күніне сыйлай аласың. Сыныбыңның терезесін сәндеуге болады. Сонда бір ай бойы су асты патшалығында өмір сүресіңдер!
ТАНЫСТЫРУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Сен балықтар тек жүзе алады деп ойлайсың ба? Интернеттен ұшатын балықтар туралы мәліметтерді тауып оқы.
Жербетіндегі ең жылдам жануарды есіңе түсір. Семсер балық – балықтар дың ішінде ең ұшқыры .
1. Ұжымдық жұмыстарың туралы айтып беріңдер. Қандай өлшем мен пішімді және қандай түстік гамманы таңдадыңдар ?
2. Қандай теңіз жануарларын жасадыңдар ?
3. Композицияларың арқылы не айтқыларың келді?
1. Топта жұмысты қалай бөлдіңдер?
2. Бірігіп жұмыс істеген ұнады ма ?
3. Ұжымдық жұмыста татулық қажет пе?
4. Бірігіп жұмыс істеуден қандай қорытынды шығардыңдар?
БІЛІМ МЕН БІЛІК ҚОРЖЫНЫ
1. Пішім дегеніміз не?
2. Парақ пішімі қандай болады?
3. Бір бейнелі композиция дегеніміз не?
4. Көп бейнелі композицияда неше зат болуы мүмкін?
5. Су астын мекендеушілерді қандай тәсілдермен жасауға болады?
1. Фактура дегеніміз не? Есіңе түсір.
2. Ол қалай жасалады?
3. Сал пыншақ ойыншықты қалай жасағаныңды айтып бер.