2.4. Қисық бетімен жұмыс

Нені үйренесіңдер? • Векторлық суреттер жасауды және өңдеуді.

Тірек сөздер
Қисықтар – Кривые The curves
Безье қисықтары – Кривые Безье Bezier curves
Қисық түйіндер – Узлы кривой Curve nodes

Inkscape векторлық графикалық редактордың көмегімен, Paint растрлық редакторындағыдай, қисық сызықты қалай сызуға болады?

Inkscape векторлық редакторының көмегімен көркем және анимациялық кескіндерді сызуға, техникалық кескіндер мен сызбаларды жобалауға болады.

Inkscape графикалық редакторындағы Безье қисығын ХХ ғасырдың 60-жылдары Пьер Безье ұсынған. Безье қисық сызығы – түзу немесе қисық сызықтарды жалғауға және нүктелерден суреттерді салуға мүмкіндік беретін қисық. Ол векторлық графикалық редакторында әртүрлі қисық сызықтар сызу, қаріптегі символдарды

және т.б. бейнелерді бейнелеу үшін қолданылады.

Безье, Спиро, BSpline қисықтарын сызу үшін 2.4.1-кестеде берілген Түзу сызықтар мен Безье қисығын сызу (Рисовать кривые Безье и прямые линии) құралдары қолданылады.

2.4.1-кесте

В графическом редакторе Paint можно создавать двухмерные изображения. Трехмерное изображение отличается от двухмерного тем, что представляет визуальный объемный образ объекта. Графические редакторы для создания трехмерных изображений мы изучим позднее. Для того чтобы лучше узнать графический редактор Paint, попробуем в нем создать растровые изображения.

2.4.1-суреттегі «Күннің батуы» бейнесін (иллюстрациясын) салыңдар.

Сурет элементтерін келесі ретпен құрыңдар:

1) аспан

2) су

3) тау

4) жер

5) пальма

6) күн

7) күннің судағы бейнесі

2.4.1-сурет. Күннің батуы

Әрекеттер орындау алгоритмі

1. Жұмыс парағының альбомдық бағдарын таңдаңдар. 
2. 700×300 өлшемді тіктөртбұрыш салып, аспанды жасаңдар.
3. Объектіні бояңдар: Бояу (Заливка) – қара түспен, жиегі – жоқ (2.4.2-сурет).

2.4.2-сурет. Тіктөртбұрыш

4. Объект – Құю және жиектеу (Заливка и обводка) – Сызықты градиент (Линейный градиент) командасын орындаңдар.
5. Градиентті құру және түзету (Создавать и править градиенты) (Ctrl+F1) құралын таңдау кезінде тіктөртбұрышта градиент иіні (рычаг градиента) пайда болады. Градиент иініне екі рет тінтуір батырмасын басу арқылы үш маркер қойыңдар. Әрбір маркерге түстер палитрасынан (қызыл, қызғылт сары, сары) түстерді таңдап беріңдер.
6. 2.4.3-суретте берілгендей етіп, F4 пернесін басу арқылы градиенттік бояуды алуға болады. Градиенттің маркері шығады. 
Маркердің орнын өзгертіңдер.

2.4.3-сурет. Градиенттік бояу

7. Тіктөртбұрышты бөліп алыңдар (мысалы, ол – аспан) және Ctrl+D пернесін басу арқылы оның көшірмесін жасаңдар. Көрсетілген команданы орындау арқылы алынған тіктөртбұрышты көлденеңінен қойыңдар (мысалы, бұл – су) (2.4.4-сурет). Түр – Объект – сағат тіліне қарсы 90°-қа бұру (Вид – Объект – Повернуть на 90° против часовой стрелки).

2.4.4-сурет. Объектіні бұру

8. Суреттегі судың мөлдір еместігін көрсетіңдер: Объект – Құю және жиектеу (Объект – Заливка – Обводка) – Мөлдір еместігі (Непрозрачность) – 69% (2.4.5-сурет).

2.4.5-сурет. Мөлдір еместігі (Непрозрачность)

9. Екі бейнені үйлестіріңдер.

10. Безье қисығын салу құралын таңдаңдар. Таудың суретін салып, оған қара түсті құйыңдар. Таудың көшірмесін жасап, көлденеңінен бейнелеңдер. Мына командаларды орындаңдар: Бұлыңғырлық (Размывание) – 1,0% және Мөлдір еместігі (Непрозрачность) – 30,0% (2.4.6-сурет).

2.4.6-сурет. Тау

11. Безье қисығын салу (Рисовать кривые Безье) құралын таңдап, жер мен пальманың суретін салыңдар (2.4.7-сурет). Пальма жапырағының жиегін орнатыңдар, жапырақтың формасын өзгертіп, қоңыр түсті құйыңдар. Тегіс түйіндерді қалай жасауға болады? Безье қисықтарында төрт нүкте бар екендігі анықталған. Екі нүкте соңғы нүктелер немесе қисық түйіндері деп аталады. Қалған екі нүкте – бұл соңғы нүктелердің біріне сілтеме жасайтын бағыттаушы маркерлер. Безьенің екі қисығын «ромб» түріндегі тегістеу нүктесіне шерту арқылы түйіндерді біріктіруге болады. Нәтижесінде 2.4.8- суреттегідей тегіс құрылым пайда болады.

2.4.7-сурет. Тегістеу нүктесі

Жапырақтың бірнеше рет көшірмесін жасаңдар, оны бұрып, жапырақтың бейнесін салыңдар.

2.4.8-сурет. Пальма

12. Безье қисығын салу (Рисовать кривые Безье) құралы арқылы қайықты салыңдар. Сұр түспен бояңдар. Қайықтың көшірмесін көлденеңінен бейнелеп, судың артқы жағына төмен түсіріңдер (2.4.9-сурет).

2.4.9-сурет. Қайық

13. 105×105 өлшемді дөңгелек салыңдар. Радиалды градиенттаңдап, екі түспен – қызыл және сары түспен бояңдар. Күннің көшірмесін көлденеңінен кішірейтіңдер. Сопақшалар сериясын құрыңдар. Күнді таудың артына түсіріңдер (2.4.10-сурет).

2.4.10-сурет. Күн

«Күннің батуы» деген атпен суретті сақтаңдар (2.4.1-сурет).

Білу және түсіну

1. «Қисық», «Безье қисықтары» және «Қисық түйіні» сөздерін орысша, ағылшынша айтыңдар.
2. Қандай құралды таңдап, бейнелерде қисықтар салуға болады? 
3. Қисықтарды неге «Безье қисығы» деп атайды?
4. Қисықтармен сурет салғанда қандай әрекеттер орындалады?
5. Қандай нүктелер қисықтың иінтірегі болады?
6. Қисықтарды қай редакторда құру жеңіл? Paint растрлық редакторында ма әлде Inscape векторлық редакторында ма?

Қолдану. Талдау

7. Үлгі бойынша суретті салыңдар (2.4.11-сурет).

2.4.11-сурет. Іле Алатауы

Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар

Ұсынылған суретті құрастыру үшін Безье қисығын салу құралын пайдаланып, шығармашылық тәсілді қолданыңдар.
Мәтінді траектория бойына орналастырыңдар:
– Мәтінді енгізіңдер.
– Бойына мәтін орналасатындай етіп, траектория сызыңдар.
– Мәтін мен траекторияны бөліп алыңдар.
Мәтін (Текст) – Жиек бойынша орналастыру (Разместить поконтуру) (2.4.12-сурет) командасын орындаңдар.

2.4.12-сурет. Жиек бойынша орналастыру командасы

Мәтін қисық сызықтың бойына орналастырылады. Одан кейін қисық сызықтың формасын және оның бойына мәтін орналасатындай параметрлерін редакциялаймыз. Мәтінді қисық сызықтың бойына қалай орналастырсақ, дәл солай шеңбердің доғасына, көпбұрыштың немесе спиральдың жиегіне орналастырамыз. Векторлық графикамен жұмыс істеу программалары өте көп. Ол программалардың ішінде Inkscape программасы ыңғайлы, әрі көпфункционалды болып табылады.

Жинақтау. Бағалау

8. 7-тапсырманың дайын жобасына 3 минуттық бейнеролик жасаңдар. Онда өз жобаларың туралы және таңдаған графикалық объект жайлы айтып беріңдер. Бағалау нәтижесімен сыныптастарыңмен бөлісіңдер.
9. Жобаны бағалаудың критерийлерін құрыңдар.
10. Жобаның идеясы мен мәнін бағалаңдар.
11. Жобалық идея туралы өз ойларыңды ұсыныс түрінде нақтылап тұжырымдаңдар.

Электрондық тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді оқы

2020 жыл - қуаныш пен сәттілікке толы жыл болды.

×
×

Корзина