2.4. Объектілердің 3D-моделі

НЕНЕІ ҮЙРЕНЕСІҢДЕР? • 3D редакторында объектілердің модельдерін құруды.

ТІРЕК СӨЗДЕР
Объектілердің 3D модельдері 3D-­модели объектов 3D models of objects
Үшөлшемді фигуралар Трехмерные фигуры Three-dimensional figures
Кітапхана Библиотека Library

Paint 3D графикалық редактордың көмегімен объектілердің 3D моделін әртүрлі етіп құруға болады. Ол үшін «Әрекеттерді орындау алгоритмін» орындайық.

Paint 3D графикалық редакторының көмегімен объектінің үшөлшемді моделін құрастырыңдар және оны жоба ретінде сақтаңдар.

Әрекеттерді орындау алгоритмі

1. Кенептің өлшемін өзгертіңдер, мысалы: ені 1500 пкс (пиксель), биіктігі 713 пкс – үнсіз келісім бойынша орнатылады.
2. Лентадағы Үшөлшемді фигуралардың бетшесі арқылы сфераны салыңдар. Егер SHIFT пернесін бассаңдар, онда Сфера тегіс
болып шығады.
3. Интернеттен «Футбол добы» бейнесін қиып алыңдар.
4. Paint 3D редакторында оны сфераның оң жағына апарып қойыңдар.
5. Жапсырманы құру (Создать наклейку) батырмасына басыңдар.
6. Сфераға кескінді жылжытып, сфера бойынша оның масштабын өзгертіңдер. Нәтижесінде доптың үшөлшемді моделін аласыңдар (2.4.1-сурет).

2.4.1-сурет. 3D модельді құру кезеңдері

Paint 3D редакторында жобаны жасау кезінде 3D моделінің үшөлшемді кітапханасынан көптеген дайын объектілерді пайдалануға болады.
7. Дайын объектіні қою үшін 3D модельдер Кітапханасын (Библиотеки 3D-моделей) ашыңдар.
8. Кітапханадан 3D моделін табыңдар. Таңдалған модельді кенепке қосыңдар.
9. 3D моделін жылжыту нұсқарын жоғары, оңға, төмен, солға қолдану арқылы оны басқаруға болады.
10. Үшөлшемді модельді жылжытып, олардың көшірмелерін қосу арқылы тамаша кескінді алуға болады.
11. Объектіні үлкейту, кішірейту немесе созу үшін объектті қоршап тұрған кішкентай ақ шаршыларды тіктөртбұрыштың бұрыштары не жақтары арқылы басыңдар.
12. Қажетті ракурсты орнатқаннан кейін Бекіту (Зафиксировать) батырмасына басыңдар. Объектілерден құрастырылған үшөлшемді модель пайда болады (2.4.2-сурет)

2.4.2-сурет. Объектілердің 3D моделі

13. Бірнеше модельден бір модельді алу үшін Барлығын таңдау (Выбрать все) батырмасын және менюдің оң жағындағы Топтау(Группировать) пунктін басыңдар.
14. 3D модельді құрастыру бойынша шығармашылық қабілеттерің мен идеяларыңды пайдаланып, «допты» «күнге» алмастырып көріңдер. Қылқалам көмегімен шөптің, гүлдің, аспанның және т.б. суретін салыңдар.
15. Үшөлшемді модельге 3D фонды, эффектіні және басқа да мүмкіндіктерін қосыңдар. Мысалы, Эффектілер (Эффекты) батырмасына басып, жобаға эффектіні қосуға болады.
16. Жобаны объект ретінде сақтап, объектіні редакциялау үшін қайтарып алуға болады (2.4.3-сурет). 

2.4.3-сурет. 3D модельді жоба түрінде сақтау

Paint 3D редакторында жасалған үшөлшемді модельді нақты әлемде визуализациялау үшін Mixed Reality Viewer (аралас шынайылықты көру құралы) программасында іске қосуға болады. Paint 3D қолданбасында Remix 3D.сом қауымдастығына кіру мүмкіндігі бар. Бұл қауымдастықта Paint 3D дизайнын жүктеуге және өзгертуге болатын үшөлшемді модельдер бар (2.4.4-сурет).

2.4.4-сурет. Remix 3D

Білу және түсіну

1. Түйін сөздерді орыс және ағылшын тілдерінде айтыңдар.
2. Paint 3D редакторында бүтін сфераны қалай құру керек? Paint 3D редакторында жапсырманы қалай қою керек?
3. Paint 3D редакторында дайын модельдерді қайдан таңдауға болады.
4. Объектілерді топтастыру не үшін қолданылады?
5. Paint 3D редакторында не үшін жобаны объект ретінде сақтау керек?
6. 2.4.5-суретте заттар құрылысының әртүрлі модельдері берілген. Paint 3D масштабты модельдерді жасау технологиясын айтып беріңдер. Модель жасау кезінде қандай құралдар мен үшөлшемді объектілер пайдаланылады?

2.4.5-сурет. Заттар құрылысының модельдері

Қолдану. Талдау

7. Paint 3D редакторында заттың үшөлшемді моделін құрастырыңдар (2.4.6-сурет).
8. Заттың үшөлшемді моделін құрастыру үшін қандай құралдардың қолданылғанына талдау жасаңдар.

2.4.6-сурет. Заттың моделі

Жинақтау. Бағалау

9. 2.4.7-суретте Қазақстанның үшөлшемді тарихи моделінің үлгілері қарастырылған. Бұл объектілер қалай аталады? Ауылды, қаланы, аймақты және елімізді суреттейтін 3D модель құрастырыңдар

2.4.7-сурет. Қазақстанның тарихи объектілері

10. Remix 3D немесе 3D кітапханасынан үшөлшемді модельді қолдана отырып, таңдауларың бойынша:
– мұхит бейнесін салыңдар;
– өз армандарыңдағы қаланы салыңдар;
– Күн жүйесін құрастырыңдар;
– өз ертегілеріңді ойластырыңдар.
11. Paint 3D графикалық редакторының кемшіліктері мен мүмкіндіктерін сыныптастарыңмен бірге талқылаңдар.

Usecubes – 3D объектілерінің генераторы

Usecubes.com сайтындағы 3D объектілер генераторы іPhone, iPad және компьютерде үшөлшемді пиксель суреттерін жасау үшін

қолданылады (2.4.8-сурет). 3D моделін жасау үшін кубты таңдап, содан кейін оларды жыл- жытып, суретін салып, бояу керек.

2.4.8-сурет. Usecubes 3D объектілерінің генераторы

Электрондық тапсырмалар

2-тапсырма. Сұраққа дұрыс жауап беріңдер.

×
×

Корзина