1.3. Табиғат және адамның шаруашылық қызметі

Табиғат және адамның шаруашылық қызметі

Қазақстанда қоңыржай климаттық белдеуге тән дәнді дақылдардың барлық түрлері өседі. Дегенмен біздегі негізгі дәнді дақыл – ол бидай. Сырдария, іле өзендерінің төменгі бөліктеріндегі суармалы жерлер мен Қаратал алқабында күріш өсіріледі.Қазақстанның солтүстігі мен орталығы, шығысы және солтүстік-батыс бөліктерінің жекелеген аймақтарындағы табиғат жағдайлары тек бидай, сұлы, арпа тәрізді дәнді дақылдар ғана емес, сонымен қатар көгөністер мен бау-бақша өсіруге де қолайлы. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында мақта және қант қызылшасы өсіріледі. Сонымен бірге бұл аумақтарда бау-бақша және жүзімшаруашылығы дамыған.Біздің еліміздегі ауылшаруашы лығы жерлері нің төрттен үш бөлігін жайылымдық аумақтар алып жатыр. Сондықтан малшаруашылығы еліміздің дәстүрлі әрі жетекші салаларының бірі болып саналады.Малшаруашылығының басты саласы – қойшаруашылығы. Ол әсіресе республикамыздың оңтүстігі, батысы мен шығысында, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және басқа да облыстарда жақсы дамыған. Өйткені қойшаруашылығының өркендеуіне шөбі шүйгін жайылымдық жерлер жетерлік. Неге екенін түсіндір. Шығыс Қазақстанда қылшық жүнді қой тұқымы өсіріледі және қаракөл қойы көбейіп келеді. Солтүстікте мүйізді ірі қара өсіру, оңтүстік аудандарда түйешаруашылығы, Кенді Алтай тауларында бұғышаруашылығы жолға қойылған.