Тіл және сөйлеу

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ АДАМНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тұстарын белгілеп ал.
Байлығым – байтақ жерім*, бақытты елім. Көрсең, көз тоймас асқар шыңды тауларым,миуалы бауларым*, асу-асу белдерім, айдын-шалқар көлдерім, орам-орам орманым*.
Алтай тауларынан Ақжайықтың жасыл жағалауына* дейін созылып жатқан кең-байтақ жерімізге ірі-ірі елдер тұтасымен сыйып кетері анық. Елімізде жүзден астам ұлт пен халықтың өкілдері тату- тәтті еңбек етеді.
Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын* екінің бірі айтпай-ақ біледі. Ал ғарышқа жол Байқоңырдан басталатынын мақтан етпейтін кім бар? Орынды мақтаныш. Елім де, жерім де оған әбден лайық.
Жақау Дәуренбековтен