5.2. Ауызша және жазбаша сөйлеу

АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ

АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ

Өлеңді мұқият тыңда.
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін*.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым* менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі* тіліммен тілімдедім,
Кей-кейде дүниеден түңілсем* де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, – Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда* жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
Мұқағали Мақатаев