Фонетика әлеміне саяхат

ФОНЕТИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Мәтінді тыңда.
Бұлт өзеннен су алса…
Кейде сіркіреп, кейде нөсерлеп жауатын жаңбыр қайдан шығады? Шағын бұлақтар, үлкен өзендер қайда барып құяды деп ойлайсыңдар?
Осы сулардың біразы егінді суарғанда, жазық жайылымға жайылғанда жерге сіңіп, жер астындағы су қорына қосылады. Содан кейін бастау немесе құдық арқылы қайтадан жердің үстіне шығады.
Ал кейбірі үлкен көлдерге құяды. Көл айдыны арқылы буланады да, бұлтқа айналады. Содан соң жаңбыр болып жерге қайта жауады. Бабаларымыздың: «Бұлт өзеннен су алса ғана жауады» деуі содан шығар.
Спандияр Ақаев

Мәтінді тыңда.
Әнші құм
Жетісу өңірінде орналасқан құмды төбе «Әнші құм» деп аталады. Биіктігі – 150 метр, ұзындығы – 8 км, ені – 3 км. Оның бұлай аталуының өз сыры бар. Жел соққанда, майда құм түйіршіктері сусылдап төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың үніне ұқсас таза, әдемі әуен естіледі. Егер жел күшейе соқса, әлгі әдемі әуен реактивті ұшақтың гуіліне ұқсап кетеді. Осындай ғажап әуенді есту үшін адамдар оған әдейі келетін болған. Табиғаттың мұндай ғажап әншісі ешбір елде жоқ.
«Қазақстан табиғат ғажайыптары»
Кітапшасынан