Менің өлкемнің өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы

Шаруашылық қызметі – бұл өндірісте тауар өндіру және сату, қызмет көрсету арқылы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және табыс табуға бағытталған жұмыстары. Ежелгі грек тілінде экономика «тәртіп бойынша шаруашылық жүргізу» деп аталады. Адамның қолымен атқарылатын тауар өндіру, оны тарату, алмастыру, тұтыну және қызмет көрсетуді экономикалық қызмет дейді. Біздің елімізде шаруашылық қызметпен ірі және ұсақ кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар айналысады. Оларды экономикалық қызметтің субъектілері деп атайды. Экономикалық қызметтің негізгі түрлері – өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы. Адамның экономикалық іс-әрекеті пайдалы қазбаларға, материалдық қорлар мен еңбек ету мүмкіндігіне байланысты болады. Экономиканың басты міндеті – шектеулі қор көлемін қалайша халыққа барынша қол жетімді ету.