Отбасының қоғам өміріндегі маңызы

Отбасы дегеніміз – бұл адамдардың некеге немесе туыстық жақындыққа негізделген, тұрмыс ортақтығы, рухани жауапкершілік және бауырмалдық тұрғысынан өзара байланысқан бірлестігі.
Әдеттегі отбасын әке-шеше, ата мен әже және балалар құрайды. Отбасылары үлкен немесе шағын болуы мүмкін. Әр отбасы өз шаруашылығын жүргізуде қаржы-қаражат пен ақыл-ой мүмкіндіктерін бірлесе атқару арқылы шешеді.