Мектептегі өзін-өзі басқару

Балалар, мектеп дегеніміз – қоғамның шағын үлгісі іспетті. Біз есейген кезімізде жігерлі әрі бастамашыл болу үшін болашақ өмірге деген дайындығымызды мектептен бастауымыз керек. Біз мектепте жүргенде-ақ өз бетімізше шешім қабылдауды үйренеміз. Ондай қасиеттерді тек мектеп өмірінде болмаса жиналыста да, сабақта да меңгере алмаймыз. Біздің мектебімізде өзін-өзі басқару жүйесі бар. Демек, оқушылар мектептегі өз өмірлеріне байланысты мәселелерді өздері шешеді деген сөз. Мектебіміздегі өзін-өзі басқару органы – Кеңестер сол үшін сайланған. Егер оқушылардың өмірінде әлдебір мәселе туындаса, Мектеп кеңесі оны мектеп директорына жеткізеді. Кеңестер алқасы бүкіл оқушылардың атынан сөйлейтінін директор біледі. Ал егер балалар сабақтан тыс уақытта бірдеңемен айналысқылары келсе, мысалға, спорт мерекесін өткіземіз десе, Кеңестер алқасы оны ұйымдастыруға көмектеседі.