1.8. Қазақ халқының арғы тегі

Қазақ халқының арғы тегі

Сақтар, ғұндар мен түркілер – қазақ халқының ертедегі ата-бабалары. Олар әр алуан кезеңдерде өзара орын алмастыра отырып бір аумақта өмір сүрген.
Біздің бабаларымыз ат құлағында ойнаған шабандоз әрі сайыпқыран сарбаздар болған. Олар көшпелі малшаруашылығымен айналысқан. Жыл маусымдарына қарай мал жайылымдарын ауыстырып көшіп жүрген. Халықтың бір бөлігі ешқайда көшпей, егіншілікпен шұғылданған. Сөйтіп Сырдария өзенінің бойында және Жетісуда қалалар пайда болған.
Ол қалаларда қолөнер шеберлері мен саудагерлер тұрған.