Қазақстан мәдениетінің дамуы. Күләш Байсейітова – «қазақтың бұлбұлы»

Мәдениет дегеніміз – бұл адам баласының материалдық және рухани құндылықтарды қалыптастыру жолындағы іс-әрекеті. Қазақстанда өнердің жаңа түрі – опера мен балет пайда болды. Әйгілі балетмейстер Болат Аюханов Академиялық би театрын ашты. Бұл театрдың әртістері еліміздің аймақтарына жиі шығып өнер көрсетеді. Сол арқылы олар балет өнерін Отанымыздың түкпір-түкпіріне насихаттайды. Әбілхан Қастеев – алғашқы қазақ суретшілерінің бірі. Өнер тарланының «Талас даласы», «Жайлауда» тәрізді картиналарын көргенде біз табиғаттың сұлулығына сүйсінеміз. Ол Абай мен Шоқанның портреттерін салған. Бүгін кескіндемеде, кино өнерінде, театр мен әдебиетте жаңа есімдер пайда болуда. Әйгілі қазақ әншісі Күләш Байсейітова (1912–1957) өнегелі өмір сүрді. 1933 жылы ол «Айман –Шолпан» музыкалық комедиясында Айманның рөлін сомдаған. Сөйтіп Күләштің есімі бүкіл елге танымал болды. Тамаша өнеріне тәнті болған халық оны «қазақтың бұлбұлы» деп атаған. Композитор Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы алғаш қойылғанда Күләш Жібектің ариясын орындаған. 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігіболған кезде Байсейітова осы образымен бүкіл Ресей жұртын мойындатқан. Сөйтіп 24 жастағы Күләш КСРО-ның халық әртісі атағына ие болды. Күләш Байсейітова – қазақтың тұңғыш опера әншісі. Күләштің арқасында біздің халқымыз әлемдік классика лық операмен және түрлі елдердің халық музыкаларымен танысты. Оның сыңғырлаған әсем де ашық дауысы опера
өнерін қазақ халқына барынша жақын әрі түсінікті етті. Әнші әлемнің көптеген елдеріне барып өнер көрсетті. Соның арқасында Қазақстанның аса бай музыкалық өнерін бүкіл әлем таныды. Қазақ халқы әйгілі әншінің есімін құрметтейді. Астана және Алматы қалаларының көшелеріне оның есімі берілген.