1.9. ХХ–ХХІ ғасырлардағы Қазақстанның экономикадағы жетістігі

ХХ–ХХІ ғасырлардағы Қазақстанның экономикадағы жетістігі

ХХ ғасырда біздің елімізде зауыттар, фабрикалар, темір жолдар салынды. Шахталар мен кен орындары ашылды. Сол уақыттарда еліміздің экономикасын халық ақыны Түркістан-Сібір темір жолы
(Түрксіб) салынды. Ол Орта Азия мен Қазақстанды Сібірмен жалғастырды. 1954 жылы біздің елімізде бұрын ешқандай түрен
түспеген тың жерлер игеріле бастады. Бүгінде сол алқаптарда қатты сұрыпты бидай дақылдары өсіріледі. Ондай бидайдан құрамында ақуызы мол нан пісіріледі.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Елімізде
мәшинелер мен құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар ашылуда. Бұрын Қазақстанда шығарылмаған өнімдердің 500 жаңа түрі игерілді. Олар – вагондар, электровоздар, жүк және жеңіл автомобильдері мен автобустар, дәрі-дәрмектер және басқалары.
Астанада «Тұлпар-Тальго» жолаушыларға арналған жүрдек вагондар жасайтын зауыт салынды. Бүгінде бұл зауыт жылына жүз елу вагон шығарады. Болашақта вагондарды көрші елдерге экспортқа шығару жоспарлануда. Қазақстан аумағындағы алғашқы ең ірі автомобиль құрастырушы кәсіпорын – «Азия Авто» зауыты. Зауыт жылына 10 мыңнан аса автомобильдер шығаруда. Елімізде өндірілетін кондитерлік, макарон, сүт және ет өнімдері Қазақстанмен қатар одан тыс жерлерге де тасымалданады.