1.10. Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтбаев

Қазақстандағы ғылымның дамуы. Ғалым Қаныш Сәтбаев

ХХ ғасырда елімізде ғылым қарыштап дамыды. 1946 жылы Қа-
зақстанның Ғылым академиясы ашылды. Оның алғашқы прези-
денті болып ғалым Қаныш Сәтбаев сайланды. Ғылымдағы жетістік-
тер өндіріске енгізілді. Биология, медицина, тарих, археология, тіл,әдебиет, өнер және экономика салаларында ғылыми зерттеулер
жүргізілді. ХХІ ғасырда еліміздегі ғылымға үлкен мән берілуде. Ондаған ғылыми институттар жұмыс істейді. Еліміздің шаруашылығы үшін техника үлгілері дайындалуда. Бидай, күріш, арпа тәрізді пайдалы дәнді-дақылдардың жаңа сұрыптары жасалуда. Аталған дәнді дақылдар жоғары өнімділігімен ерекшеленеді әрі жергілікті табиғат жағдайлары-
на да жақсы бейімделген. Жылқы, қой тәрізді үй жануарларының жаңа тұқымдары шығарылуда. Біздің елімізде өсірілетін жаңа тұқымды қойлардың бірі – қазақстандық меринос. Осындай тұқымды әр қойдан 15 кг-нан сапалы жүн қырқуға болады. Жаңа Мұғалжар тұқымына жататын жылқылар аса өнімді. Олардан тәулігіне 16 литрге дейін сүт сауылады. Еліміздің табиғат байлағын зерттеуге ерен еңбек сіңірген ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899–1964).
Қ. Сәтбаев – Орталық Қазақстандағы Жезқазған мыс кенінің қорын ашқан геолог-ғалым. Жезқазғандағы кен-металлургия комбинаты мен Қарағанды және Балқаштағы металлургия зауыттары осы ғалымның еңбегінің арқасында салынған. Қаныш Сәтбаевты «тыл генералы» деп атайды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Сәтбаев еліміздегі марганец кенінің қорларын ашты. Соның нәтижесінде танктердің сауытына арналған болат өндірісі артты. Болаттың құрамына марганецті қосу танк зауытының беріктігі
мен қаттылығын арттырады. Қ. Сәтбаевтың еңбегі біздің елімізде жоғары бағаланды. Университеттер мен көшелерге оның есімі берілді. Ғарышта «Сәтбаев» ғаламшары өзінің мәңгілік сапарын жалғастыруда. «Сәтбаевит» деген жаңа минерал ғалым есімімен
аталады. ЮНЕСКО 1999 жылды ғалымның 100 жылдық мерейтойына орай «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жылы» деп жариялады.