Тарихи мұражайлар не үшін қажет?

«Өзінің тарихын білмейтін адамның болашағы болмайды» дейді халық даналығы. Мұражайлар өткен заманның мәдени мұраларын сақтау үшін құрылады. Мұражайлар әртүрлі болады: тарихи, көркем, әдеби, өлке-
танымдық, техникалық және басқалары. Мұражайға бару арқылы сен өлкенің тарихи, табиғи және мәдени дамуымен танысасың. Келушілер тамашалау үшін қойылған әртүрлі заттарды – экспонаттарды көресің. Олар – тас шапқы, жебе мен найзаның ұштары тәрізді көне замандардан қалған археологиялық қазба заттары болуы мүмкін. Экспонаттардың арасынан өнер және қолөнер туындылары, халықтың тұрмысы мен мәдениетінен қалған құралдар да кездеседі. Жазба құжаттары мен сирек кітаптар осы өңірде болған оқиғалар туралы баяндайды. Сен әйгілі жерлестеріңнің өміріне қатысты естелік заттарды көресің. Туған өлкеңнің бүгінде қалай дамып жатқанын білесің.
Әр бұйым бізге өткен өмірді өзінше «сипаттайды». Мұражайдағы кспонаттарды өте мұқият қарау керек. Сонда саған көне амандардың құпиялары мен тарихтың жұмбақтары ашылады. Міне бұлар ежелгі экспонаттар: – моншақтар;
– қоладан жасалған айна.
Кез келген мұражай бұйымдардың шағын топтамасынан басталады. Үйде, мектепте, ауылда, қалада мұражай ашуға болады.