ПАЙЫМДАУ МӘТІНІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МӘТІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мәтінді мұқият тыңда.
Мерей: – Әли, неліктен білім байлықтан артық деп есептеледі?
Әли: – Бір ғұлама білімнің артықшылығын бірнеше дәлелмен көрсеткен екен.
Біріншіден, білім – даналардан қалған мирас*, ал байлық– бақылардан* қалған мұра.
Екіншіден, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың.
Үшіншіден, білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды көбейтеді.
Төртіншіден, білім іздеген сайын көбейе береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң, азаяды.
Бесіншіден, білімді ұрыдан қорғаудың қажеті жоқ, ал байлықты ұрылардан күнде қорғайсың.
Алтыншыдан, білімдіні ел құрмет тұтады, ал байлығың мол болса, қызғанады.
Жетіншіден, білімге есеп-қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың қажет.

Ділда Матайқызы