5.7. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

СӨЙЛЕМНІҢ ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ МҮШЕЛЕРІ

СӨЙЛЕМНІҢ ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ МҮШЕЛЕРІ

Мәтінді мұқият тыңда.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – көне сәулет ескерткіштерінің бірі. Ол бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Кесененісалуға Әмір Темір бұйрық берген. Кесене жамағатхана*, қабірхана*, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана* және бірнеше құжыра* бөлмелерінен тұрады. Жамағатхана ортада орналасқан. Оның күмбезге* дейінгі биіктігі отыз алты метрге жетеді. Қабырғалары биік, үлкен шаршы бөлме. Кесене ішінде үлкен тайқазан* бар. Тайқазан – бірлік пен қонақжайлық белгісі. Оның диаметрі екі метрден асады, салмағы – екі тонна.