5.11. Біріккен сөздер

БІРІККЕН СӨЗДЕР

БІРІККЕН СӨЗДЕР

Мәтінді тыңда.

Қазақстан пайдалы қазбаларға бай. Оны жерасты байлығының «қоймасы» деп бекер айтпаған. Қазақстанда жер жүзінде кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі бар.

Пайдалы қазбаларды өндіру үшін алдымен оның шығатын орнын табу керек. Мұндай кен орындарын іздеумен геологтер айналысады. Олар әртүрлі техникалық құралдарды пайдаланады. Табылған пайдалы қазбалардың шығатын жерін шартты белгілер арқылы картаға түсіреді.

«Дүниетану» кітабынан