Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Мәтінді тыңда. Тақырып пен суреттер бойынша сен болжаған мазмұн мен тыңдаған мәтіннің мазмұны бір-біріне ұқсай ма?

Мен бессайысшы боламын

Апасы Темірді маңдайынан иіскеп, еркелете бауырына қысты. – Әлгі мылтығың не, түсіндіріп айтшы, – деді ол Темірге қарап.

– Апа, біз бүгін бірінші рет тирде мылтық аттық.

– Ат спротын қойдың ғой?

– Жоқ, оған да қатысамын.

– Мүмкін, онда суға жүзуді тоқтататын шығарсың! – деді таңдана.

– Неге, оны тастамаймын. Мен бессайысшы клубына барып жүрмін ғой.

– Сонда осының бәріне баруға уақытты қайдан табасың?

Әр нәрсенің басын бір шаламын деп жүріп, ақырында бәрінен жұрдай боларсың. Оныңды қой. Оқуыңды оқы, спорттың бір түрімен айналыссаң да жетер.

– Апа, бір әңгіме айтайын, тыңдаңызшы, – деді Темір қиыла өтініп.

– Ал, айта ғой, – деп, апасы баласына сынай қарады.

– Ерте, ерте, ертеде ме, әлде біздің осы заманымызда ма, бір жерде соғыс болып жатыпты, – деп, Темір сәл жымия сөйледі. Ол әңгіме айтқанды да жақсы көретін.

– Сонда әскердің шағын бір тобы жау қоршауында қалып қойыпты.

Бір офицер атысып-шабысып жүргенде астындағы аты мерт болып*, өзі өзеннен малтып өтіп, одан әрі жаяу жүгіріп, әскердің негізгі тобына хабар жеткізеді. Осыдан кейін спорттың бессайыс деген түрі пайда болыпты.

– Сенің де сондай болғың келеді ғой, шамасы, солай ма?

– Иә.

– Жарайды, балам, «Талапты ерге нұр жауар» деген,

талабыңа жет, – депті апасы.

Олжас Мұқановтан