6.2. ЗАТ ЕСIМ

ЗАТ ЕСIМ

ЗАТ ЕСIМ

Құмырсқалар өркениеті
Құмырсқа тіршілігі адам ақыл-ойын таңғалдырар қызықтарға толы. Ол жай ғана жәндік емес, одан бөлектеу дүние.
Біріншіден, құмырсқа – жер бетінде ең көп кездесетін жәндік. Бір Қазақстанның өзінде 200-дей түрі бар.
Екіншіден, құмырсқа – жәндіктердің қоғамдық үрдісте өмір сүретін сирек түрі.
Үшіншіден, олар – алып жер бетіндегі ең көне жәндік түрі. Пайда болған уақыты 25 миллион жыл деп есептелінеді. Тағы бір қызығы – құмырсқалар да адам секілді саяхат жасайды. Бір жерден екінші жерге көшіп-қонады. Әр илеудің нақтыланған өз жер аумағы бар. Және сол жер аумағының амандығын олар көзінің қарашығындай қадағалайды. Шегара бұздыңыз ба, жауап беріңіз. Бұл үшін күрделі дабыл қағу жүйесі жұмыс істейді. Шегарашылар тобы келесі сәтте-ақ сіздің желкеңізді қиып үлгеруі мүмкін.
П. Мариковский