Табыс септік

Табыс септік

Мәтінді тыңда.
     Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Шығыс жақ қызыл шапақ шашып тұр. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім. Кеше кешкісін қармақ құрып кеткенбіз. Келсем, жағада бір аққу қанатымен суды сабалап, ұша алмай жүр. Қармақ аяғына ілініп қалыпты.
     Жалма-жан жейдемді шешіп тастап, аққудың қасына малтып жеттім. Аққу суды сабалап сыңсиды. Аузын ашып, айбат шекті. Аяғынан ұстадым да, қармақты босаттым. Бір саңқ етті де, арғы беттегі жасыл құрақ ішіндегі қиқу салып, мұны тосып жүрген серігіне барып қосылды. Өзен жағасын
әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.
Бекен Тұрлиев