Шығыс септік

ШЫҒЫС СЕПТІК

Мәтінді тыңда.
Қоян-ата көжектеріне көп сәбіз әкеп, бір-бірден бөліп берді. Ең кенжесі Сұр көжек:
– Маған қотыр сәбіз бердің, жемеймін, – деп ұртын бұртитты. Сәбіздің түп жағында бұршақтың үлкендігіндей
екі-үш бүртігі бар екен. Оны басқа бір көжек қағып алды да, бір-ақ асады. Сұр көжек аш қалды.
Атасы оған:
– Солай, балам… «Өкпелеген үлесінен құр қалады», – деді.
Мұзафар Әлімбай