Жіктеу есімдігі

Жіктеу есімдігі​

Мәтінді тыңда.
Бүркіттер тағдыры
Бүркіт – өте қауқарлы құс. Ол бүрген кезде түлкінің омыртқасын опырып жібереді. Ал адам қолға үйретіп, баулыған бүркіттер қасқырды да тайсалмай алады. Бүркіттер қоян, тиін, құр, кейде тырнаға да түседі. Су бүркіті балықты қорек етеді. Бүркіттің түрі көп. Бүркіттер тек адамнан ғана зардап шегіп келеді. 1917– 1922 жылдары Америкада 15 мың 745 бүркіт адамның суық қолынан өлген. Осындай озбырлықтың салдарынан бүркіттердің тұқымы кеми бастаған соң, қазір барлық елде бүркіттерді қорғау туралы арнаулы заң шығарылды. Біздің елімізде бүркіттерге ешқандай қастандық жасалмайды.
«Жыл – он екі ай» кітабынан