Қандай кәсіби мерекелер бар?

Бүгінгі таңда әралуан кәсіп түрлерінің кәсіби мерекелері бар. Олар еліміздің тарихынан сыр шертеді. Сонымен қатар ол мерекелердің өздерінің де тарихы болады. Мәселен, құрылысшылар күні, геологтар күні, мұғалімдер күні, медицина қызметкерлерінің күні тәрізді кейбір кәсіби мерекелер Кеңес
Одағының тұсында пайда болған. Кейбір мерекелер еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін белгіленген. Олар – полиция күні, экологтар күні, ұлттық валюта күні секілді мерекелер. Еліміздегі кәсіби мерекелер ресми түрде демалыс күндері деп саналмайды. Алайда кәсіби мерекелік құттықтау тілек-
терін есту және өзінің әріптестеріне жылы лебіз білдіру үшін адамдар айтулы күнді асыға күтеді.