6.8. Етістіктің жіктелуі

Етістіктің жіктелуі

Етістіктің жіктелуі

Мәтінді тыңда.
Бүгін қарт тырна әдеттегісінен ерте оянды да, ауыр қанаттарын сарт-сұрт ұрып, дүр сілкінді. Қасына балалары мен немерелерін шақырды.
– Мен түнде түс көрдім, – деді қарт тырна. – Туған жерге көктем келіпті. Көл толқын атып, тулап жатыр. Айналасы балқұрақ. Көл тұнған күміс шабақ. Оһ, шіркін, туған жерге не жетсін!
– Ой, ата-ай, қайда асығамыз, күте тұрайық, күн әбден жылынсын. Мұнда қарнымыз тоқ, джунглидің іші толған құмырсқа, көлде бақа толып жүр, – деді ортаншы баласы. Қарт тырна ашу шақырды.
69– Жоқ, болмайды! Туған жер де көктемді сағынып жатыр. Ал көктем құс қанатымен барады… Қазір жолға жиналыңдар. Жақсылап азықтанып алыңдар. Күн шықпай көкке көтерілеміз. Тырналар жалма-жан азықтануға кірісті. Сүтпісірім уақыттан соң үшбұрыш жасай тізіліп, туған жерді бетке
алды. Көш алдында қарт тырна. Мүлгіген қалың орман тырналардың қиқуымен азан-қазан болды. Олар үш күн, үш түн ұшты. Төртінші күні
елге де жетті. Бірақ алыстан шаршап жеткен тырналар қатты өкінді.
Сейітқұл Оспанов