Етістіктің шақтары​

Етістіктің шақтары​

Мұқият тыңда. Мәтіннің негізгі тұстарын белгіле.
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңістігі соншалық, аспан денелерінің бір-бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық, километрмен өлшеу мүмкін емес. Жарық секундына 300 000 километр жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан 1,3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізден ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты жарық 4 жылда жүріп өтеді. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемнің шағын ғана бөлігі – Галактиканың* бір шетінен екінші шетіне жарық 100 мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады. Ғарыштың құрамдас бөліктеріне: жұлдыздық жүйелер – галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң-тозаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады. Жерді қоршаған дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
«Ғалам» энциклопедиясы