Келер шақ

Келер шақ

Өлеңді тыңда.

Ұшып келем, ұшып келем көгімде.
Ұшып келем
Мөлдір аспан төрінде.
Көкте жүріп қызығамын
Жердегі –
Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге.

Анау менің
Асу-асу белдерім.
Асқар-ала тауларым мен
Көлдерім.
Туған жерден қанша
Биік ұшсам да,
Көз алдымда
Тұрады ылғи ол менің.
Сағи Жиенбаев