Сын есім

Сын есім

Мәтінді тыңда.
Байқоңыр – халықаралық ғарышайлағы
Ғарыш алаңы, ғарышайлағы – ғарыштық аппараттарды құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Байқоңыр – бүгінгі таңда халықаралық ғарышайлағы. Одан көптеген елдердің ғылыми және коммерциялық зерттеу бағдарламалары бойынша Жердің жасанды серіктері, сондай-ақ АҚШ, Германия, Франция, Үндістан ғарышкерлерінің интернационалдық құрамы мен ғарыш кемелері ұшырылды. Байқоңырдан «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сипатындағы барлық ғарыш кемелері, «Салют» және «Мир» орбиталық стансалары ұшырылды. Қазақстан жерінен аспанға «Космос», «Протон», «Зонт», «Прогноз» серияларындағы жердің ондаған жасанды серіктері шығарылған болатын. Бұлар халықшаруашылығының ғарыштағы бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында орындалды. Олардың Байланыс құралдарын, метеорологияны*, биологияны,қорғанысты, экономиканы дамытудағы маңызы зор болды.
«Дүниетану анықтамалығы» кітабынан