Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Мәтінді тыңда. Асқардың жауабына келісесің бе? Өз пікіріңді айт. Арайдың сұрағы таусылмайды. Ал Асқар жауап беруден шаршамайды.
– 1-ден кейін неге 2 келеді?
– Олай болмаса, шатасып кетеміз ғой.
– Асқа-ар, ана бұлттарды қарашы. Бір жағы аппақ, бір жағы онша ақ емес екен. Кір-кір! Аспандағы топыраққа тиіп кеткен бе?
Асқар езу тартты:
– Аспанда топырақ болса, басымызға төгіліп кетпей ме? Топырақ жерде ғана болады. Міне, қарамайсың ба, бұлттардың еш жағында жер жоқ. Оны көру үшін ұшақпен ұшып бару керек…
Бекен Ыбырайым