Үстеу

Үстеу

Мәтінді тыңда.
Қазақстан экономикалық тапшылыққа қарамай, қиын да күрделі шешім қабылдады. 1997 жылы республиканың астанасы Ақмолаға көшірілді. Бұл шешім басқа елдерді де таңғалдырған еді. Азғана уақыт ішінде бұрынғы провинциалдық* қала адам танымастай өзгерді. Есілді бойлай Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Ханшатыр», «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Алау мұзайдыны сарайы», көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар жаңаша бой көтерді. Парламент үйінің алдында қазақтың үш
батагөй билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері халқын болашаққа бастағандай бейнеленген. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні – жас Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жарқын да бақытты болашағының символындай елестейді. Астананың болашағы әлі алда. Ол – болашақтың қаласы.
«Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан» кітабынан