6.16. Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол

Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол

Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол

Мәтінді тыңда.
Қазақ тілінің де жазу тарихы ертеден басталған. Біздің әліпби жүйеміз де бірнеше тарихи кезеңді басынан кешірген. Қазақстан жерін мекендеген көне ғұн, сақ тайпалары өз жазуын қалыптастырған. Солардың мұрагері болып саналатын үйсін, қаңлы, қыпшақ тайпаларының өз көне жазулары болған. Одан кейін қазақтар араб графикасына негізделген әліпбиді пайдалана бастаған екен. Одан бері де бірнеше ғасыр өтіпті.
Ал ХХ ғасырда қазақ тілінің әліпби жүйесі өзгерді. 1929 жылы қазақ тілі латын графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіріледі. Бұл әліпбиді біз 1940 жылға дейін пайдаландық. Осы жылдан бастап қазақ әліпбиі тағы өзгертілді. Бұл жолы қазақ тілі кирилл графикасына негізделген әліпбиге көшірілді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай әліпбиді өзгерту туралы мәселе көтеріле бастады. Оның қазақ тілі заңдылықтарына үйлесімді екенін, тіліміздің сақталып қалуы мен дамуына зор ықпал жасайтынын, сол арқылы әлемдік өркениетке жақындай түсетінімізді дәлелдеп берді. Көпшіліктің ұсынысын еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев та қолдады. Тиісті орындарға 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қазір латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқасы дайындалып, көпшілік талқысына ұсынылды.
«Балдырған» журналынан