Дыбыс және әріп

Дыбыс және әріп

Мәтінді тыңда.
Балабидің білгірлігі
Балаби қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» – деп сұраған екен.
Бұған ешкім ауыз тұшырлықтай жауап бере алмапты.
Сонда Балабидің өзі былай шешіп берген екен дейді:
– Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім.
Судан терең дегенім – оқу, ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі.
Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.
«Шешендік шиырлары» кітабынан