6.18. Сөз таптары

Сөз таптары

Сөз таптары

Мәтінді тыңда.
Қызық кино болды. Ұшқыштар жайында. Кинодағы ағаның батырын-ай! Ұшағымен құстай құлдырап қорықпай ұшты.
Ұза-а-а-ақ ұшты. Аударылса да құламайды. Ұшағы
жанса да жыламайды. Неткен өжет, ә! Батырлар солай…
Әлкен әбден риза. Шешесіне бәрін айтқанша асық.
– Құлыным-ай, мұншама не болды?
Әлкеннің айтпағы тіпті басқа:
– Мама, батыр болайын ба, а? Болайыншы, а?
Шешесі елжіреп, шөп еткізіп сүйіп алды.
– Арманыңнан айналайын! Бола ғой, күнім!
Әлкен қуанғанынан айқайлап әжесіне қарай жүгіріп
барады:
– Әже, мамам батыр бол дейді! Ура-а!
Әлкеннің шешесін бақытты сезім толқытты. Өйткені ол болашақ батырдың анасы емес пе?!
Жақау Дәуренбеков