Сен тұратын аумақта қандай катаклизмдер болуы мүмкін?

Жанартаулардың атқылауы мен цунамиды айтпағанда, біздің елімізде де әртүрлі табиғат апаттары болып тұрады. Кей облыстарда құрғақшылық, қатты аяздар, су тасқыны, шаңды дауылдар, аптап ыстықтар және даладағы өрт тәрізді оқиғалар оқтын-оқтын орын алады. Таулы аумақтарда жер сілкінісі мен сел тасқыны болуы ықтимал. Бабаларымыз «Қамданған қапы қалмайды» деп бекерге айтпаған. Бұл қанатты сөзді біз бала кезімізден білеміз. Көптeген табиғат апаттарын алдын ала болжап, күні бұрын дайын-
далуға болады. Біздің еліміздегі табиғи катаклизмдердің көпшілігі табиғи жағдайларға байланысты. Алайда бұл мәселеде адамның іс-әрекеті де үлкен рөл атқарады.