1.18. Менің жасанды ортадағы қауіпсіздігім

Менің жасанды ортадағы қауіпсіздігім

Адамның қолымен жасалған жасанды орта дегеніміз тек баспана ғана емес. Оның құрамдас бөліктері ретінде елді мекендерді, тұрғын үйлерді, жолдарды, көлік құралдарын, техникалар мен басқа да көптеген дүниелерді айтуға болады. Осылардың бәрін адам өзінің өмірін жақсарту үшін жасады.
Алайда бұл ортада саналуан қауіп-қатерлер де кездеседі. Солардан өзіңді қалай сақтандыруың керек?
Көшеге шыққанда біз не жаяу жүргінші, не велосипед тебуші, не көліктегі жолаушы боламыз. Міне солардың бәрінде қауіпсіздік ережесін есіңнен шығармауың қажет. Сенің үйіңнің айналасында да қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан оны да ескере жүр:
– құрылыс алаңында немесе трансформатор күркесінің жанында ой-
намау;
– саябаққа немесе орманды жерге жалғыз бармау.
<strong>Қауіпсіздікті сақтаудың басты ережелерін есіңде сақта:</strong>
– қауіпті алдын ала сезу;
– мүмкіндігінше одан алшақ болу;
– қажет болған жағдайда ғана әрекет ету.