1.19. Менің өлкемнің ауылшаруашылығы

Менің өлкемнің ауылшаруашылығы

Осыдан біраз бұрын ғана ауыл тұрғындары ұжымшарлар мен кеңшарларда еңбек еткен. Ондай ұжымдық шаруашылықтарда адамдар дәнді дақылдар мен көгөністерді бірлесіп өсіріп, бірлесіп мал баққан. Жер телімдері мен техника құралдары ұжымшарға немесе кеңшарға қарасты болған. Астықтың бір бөлігі мемлекетке өткізілетін. Қазір ауылда жеке шаруашылықтар – фермалар пайда болды. Ферманың қожайыны – фермер. Оның қарамағында жер телімі, техника мен ірі қара малдар болады. Қандай малдарды бағып, қандай дақылдарды өсіруді фермердің өзі шешеді. Өз өнімін өзі жұмсайды. Ол астықтың көп бөлігін сатады да, қалғанын өзіне қалдырады. Фермер өз жерінде және өзі үшін еңбек ететіндіктен күш-қай-
ратын аямай жұмыс істейді.