1.22. Глобус және карта

Глобус және карта

Карталар Жер туралы ғылыммен, яғни географиямен тығыз байланысты. География Жердің табиғатын, ондағы халықтар мен шаруашылықтарды зерттейді. Географтармен бірге біздің ғаламшарымызға саяхатқа шығайық. Негізгі географиялық нысандар – құрлықтар және мұхиттармен танысамыз. Біздің саяхатымызға глобус пен карта көмектеседі. <em>Глобус – Жер шарының кішірейтілген моделі</em>. Глобус – біздің ғаламшарымыздың дәлме-дәл үлгісі. Онда географиялық нысандардың барлығы бейнеленген.
<em>Географиялық карта – бұл Жер бетінің кішірейтіліп,шартты белгілермен жазықтыққа түсірілген бейнесі</em>.
Осы заманғы географиялық карталардың түрлері өте көп. Физикалық және саяси карталар бар. Кейбір карталарда бүкіл Жер шары бейнеленсе, келесі біреулерінде оның бір бөлігі ғана бейнеленеді. Ғалымдар глобусты шартты түрде ортасынан бөліп, картаға түсірген. Соның нәтижесінде Жер шарының батыс және шығыс жартышарлары бар карта жасалды. Одан Жер шары-
ның бүкіл келбетін көруге болады. <em>Мұхит – бұл Жер бетіндегі ойпаттарға жиналған табиғи суайдыны. Құрлық – бұл жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан орасан зор ауқымды жер бөлігі</em>.