1.21. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың мәні

Көшпенділер үшін табиғат туған үйіндей болған. Олар жер жағдайын жақсы меңгергендіктен адаспай жол таба білген. Жылдың қай мезгілінде болмасын жол табу олар үшін еш қиындық туғызбаған. Өздерін табиғаттың бір бөлшегі санаған. Біздің бабаларымыз табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, оның сұлулығына сүйсіне білген. Олар көк майсалы далаға, тауларға, өзендер мен көлдерге қамқорлықпен қараған. Қиын кезеңдерде жан сақтау үшін
табиғаттан тек керегін ғана алған. Бабаларымыздың табиғатқа деген қамқорлығы – біз үшін үлгі.
Экологиялық проблема – бұл адамның табиғатқа жасаған іс-әрекеті салдарынан пайда болған қоршаған ортадағы қауіпті өзгерістер.
Қоқыстарға байланысты проблеманы шешуге тырысып көрейік. Біз өмір бойы түрлі заттардың ортасында өмір сүреміз. Олардың біреулерін күтіп сақтаймыз да, келесі біреулерін ойланбастан лақтырып тастаймыз. Кез кел-
ген зат ерте ме, кеш пе, әйтеуір қоқысқа тасталады. Қоқыс көлемі ірі
қаланың әр тұрғынына шаққанда жылына шамамен бір тоннадан айналады. Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану мәселесі аса маңызды. Ондай жағдайда шикізат үнемделеді және қоршаған орта қоқыс алдықтармен ластанбайды.