1.23. Глобус және картамен жұмыс жасаудың әдісі

Глобус және картамен жұмыс жасаудың әдісі

Жердің моделі жіңішке сызықтармен бөлінген. Глобустың дәл ортасынан көлденең көк сызық қиып өтеді. Ол экватор деп аталады. Экватор Жерді
Солтүстік және Оңтүстік жартышарларға бөліп жатыр. Жердің өзінде мұндай сызық жоқ. Оны математикалық жолмен есептеп шығарған. Жердің Солтүстік полюсі мен Оңтүстік полюсін жалғап жатқан дөңгелек сызықтар меридиандар деп аталады. Солтүстік және оңтүстік бағыттарды осы меридиандар бойынша көрсетеді. Бұл сызықтардың ұзындықтары бірдей.
Егер осы сызықтардың кез келгенін бойлап ойша саяхат жасайтын болсаң, не Жердің солтүстік нүктесі – Солтүстік полюске, не оңтүстік нүктесі – Оңтүстік полюске барасың. Экватордан басталатын арақашықтықтары бірдей сызықтар параллельдер деп аталады. Параллельдер шығыс не батыс бағытты көрсетеді. Глобус пен картаға түсірілген меридиандар мен параллель-
дер градустық торды құрайды. Жер бетіндегі әр нысанның орналасу орнын сонымен анықтайды. Ендік пен бойлық географиялық координаттар деп ата-
лады. Географиялық координаттар – бұл Жер бетіндегі нысанның қайда орналасқанын көрсететін сандар.