Тас дәуірінен ғарыш кемесіне дейін

Прогресс – бұл алға басу, дамудың жоғарғы сатысына көтерілу. Кез келген прогрестің негізінде адам баласының білімге деген ұмтылысы, ізденісі мен тынымсыз еңбегі жатады. Тас дәуіріңде техникалық прогресс өте баяу жылжыды. Қарабайыр тас балталардың орнын кремний пышақтар мен
балталар алмастырғанға дейін мыңдаған жылдар өтті. Адам баласы тек көптеген ғасырлардан кейін ғана еңбек құралдарын қола мен темірден жасауды үйренді. Шаруалар жерді ұзақ уақыт бойы соқамен қопсытқан. Одан
алынатын астық та шамалы болатын. Одан кейін адамдар соқа мен темір соқаны ойлап тапты. Атпен тартатын дөңгелекті соқаны қуатты тракторлар алмастырды. Адам баласының өмірі жақсарды. Олар астық пен өзге де өнімдерді көптеп өсіре бастады. Бұл адам баласын аштық қаупінен құтқарды.
Өзге салалардағы прогресс мысалдарын қарастырып көрейік. Адам баласы жерде жүрсе де аспанға ұшуды армандады. Ол үшін ұшатын аппарат қажет екенін түсінді. Алғашқылардың бірі болып ұшақты американдық ағайынды Райттар жасап шығарды. Олардың ұшағы 1903 жылы көкке көтерілді.
ХХ ғасырдың ортасында ғарыш дәуірі басталды. Бүгінде ғарышқа жұлдызаралық зымырандар ұшып жатыр. Жер орбитасында ғарыш стансалары шығарылды. Оларда әлемнің түрлі елдерінен барған ғарышкерлер жұмыс істейді. Міне осылайша адам баласы тас дәуірінен ғарыш кеме-
леріне дейінгі ұзақ жолдан өтті.
ХХ ғасырдың басында компьютер жайлы ешкім білмейтін. Ал бүгінде оларсыз іс бітпейді. Олар тек өткен ғасырдың ортасында ғана пайда болды. Осы қысқа мерзім ішінде компьютерлердің өздері де адам танымастай болып өзгерді әрі біздің өмірімізге де түбегейлі өзгерістер әкелді.