1.28. Тас дәуірінен ғарыш кемесіне дейін

Менің туристік маршрутым

Жаз жақындап қалды. Сен өзіңнің достарыңмен бірге біздің еліміздің мәдениеті мен тарихы жөнінде көбірек білсем дейсің. Неден бастауды, қайда баруды ойластырып жүрсің. Ендеше алдымен туристік маршрут жасаудан баста. Сен «туристік маршрут» деген сөзді естігенде нені елестетесің?
Туристің назарына!
Бағытты туристер ғана емес, туристік фирманың өзіде белгілеуі мүмкін. Ондай жағдайда туристерге көлік және жол көрсетуші қызмет көрсетеді.
Туристік маршрут бағытымен жүрген кезде тарихи және табиғи
ескерткіштерді көруге болады.