Қазақстанның әлем алдындағы бейнесі

Қазақстанның Ұлы Дала Елі деген халықтық атауы бар. Мұны Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жария еткен болатын. «Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық. Сондықтан бүгін және мәңгілікке біздің Қазақстанымыз – Ұлы Дала Елі. Бұл – Ұлы Дала Елі, біздің көп этникалық халқымыздың үйі әрі бесігі. Біздің Отанымыздың дәл осындай халықтық атауы еліміздің бүгінін, өткені мен болашағын бейнелейді», – деді Н.Ә. Назарбаев.