Септік жалғауының емлесі

Септік жалғауының емлесі

Мәтінді тыңда.
Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сондықтан табиғатты туған анаңдай түсініп, туған ұлыңдай қорғауың қажет. Оған бабаңдай табынуың керек. Егер сендер ағаштарды аяусыз сындырып, гүлдерді жұлып, құстардың ұясын бұзып, жазықсыз жәндіктерді өлтіріп, ағып жатқан суға қоқыс қалдықтарын тастайтын болсаңдар, онда табиғат анамыз тарығады. Мұндай жағымсыз қылықтардан аулақ болайық, балалар!